2019 жылдың 11 қаңтарында, сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің танымал дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері мен күйшілерін тоғыстыратын «Ұлы дала сазы» атты жаңа жобаның таныстырылымы өтті.

Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, термеші, әнші - Айгүл Елшібаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші -Ерлан Рысқали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші - Жанғали Жүзбай қатысты.