Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Комитеттің, сондай-ақ партиялық бақылаудың өңірлік және аумақтық комиссияларының праймериз өткізу ережелерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының қысқаша қорытындылары айтылды. Комитет басшысы Павел Казанцевтің айтуынша, жалпы науқан шеңберінде өтті, бірақ кейбір кемшіліктер орын алды. Бұл ұйымдастырушылық комитеттерде де, кандидаттардың қызметінде анықталды.
Жалпы, 2020 жылдың 17 тамызы мен 4 қазаны аралығында Комитет пен барлық деңгейдегі партиялық бақылау комиссиялары 30-дан астам шағым мен өтінішті қарады. Түрлі бұзушылықтар үшін 34 кандидат праймеризге қатысудан шеттетілді. Оның ішінде 28 адам -ережеге сәйкес міндетті болып табылатын дебаттарға қатыспағаны үшін.
«Шағымдар мен бұзушылықтардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Атап айтқанда, Г.Алиханқызының шағымы бойынша партия атына кір келтіретін іс-әрекеттері үшін Ж.Зекейұлы кандидат ретінде тіркеуден алынды. «Азия Центр Снаб ЖШС» БПҰ жаңа мүшелерін партияға жалған қабылдағаны үшін кандидаттар У.Алиева мен Д.Пернееваның тіркелуі жоққа шығарылды. Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданының партия мүшелерінің мобильді телефон номерлерін ОДҚ мен «Праймериз» АЖ-не жалған енгізгені үшін М.Болысбек тіркеуден алынды. Онлайн дауыс беру барысында «Қазақстанның құрылысшылар одағы» БПҰ жалған дауыс бергені үшін Т.Ерғалиев кандидат ретінде тіркеуден алынды. Сонымен қатар, праймериз кезінде 20-дан астам партия мүшелеріне партиялық жаза шарасы қолданылды», - деді Казанцев.
Лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылды.
«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу алаңын ұсынбағаны үшін Алматы қ. Бостандық ауданының әкімі А.Е.Рахимбетовке «сөгіс», Алматы қ. Бостандық және Әуезов аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Б.М. Джамбуловқа және Н.А. Ордабаеваға «ескерту», сондай-ақ Нұр-Сұлтан қ. Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қ.Қасымовқа «ескерту» жасалды», - деді Партиялық бақылау комитетінің төрағасы.
Кандидаттарға мектептерде және басқа да коммуналдық мемлекеттік мекемелерде үгіт-насихат жүргізгені үшін ескерту жасалды. Ақмола және Қарағанды облыстарында партиялық бақылау комиссияларының араласуынан кейін «Праймериз» АЖ-не 480 партия мүшесінің шынайы мобильдік номерлері енгізілді. Бұған дейін олардың барлығы бір номерде тіркелген болатын. Ақмола облысының Сандықтау ауданында партиялық бақылау комиссиясымен барлық мұғалімдерді сағат 10.00 дейін дауыс беруге шақырған «Білім» БПҰ төрайымы П.Барахоеваның ереже бұзу іс-әрекетінің жолы кесілді.
Алматы қ. кандидат И.В.Протопоповтың үгіт-насихат материалдарын жабыстыру фактісінің, ал Атырау облысында мемлекеттік жауапты тұлғаның суретін оның рұқсатынсыз пайдалану фактісінің жолы кесілді. Тараз қ. партиялық бақылау комиссиясымен есеп комиссиясы мүшелерінің СМС-кодты анықтау мақсатында партия мүшелеріне қоңырау шалу фактісі қаралды. Партиялық бақылау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылды.