Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асыратын 2019 жылы жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жоба жастарды қоғам өміріне тарту және олардың қоғамға қызмет көрсету ісіне ат салысуға, жастар арасында өмірлік дағдыларды дамытуды және бастаманы көтеруді мақсат етеді. Жобаның 1-компонентін Үйлестіру агенттігі іске асырады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсәриев, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Фрэнсис Ато Браун, Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким және Жобаларды басқару тобының жетекшісі Гүлмира Ескендірова ханымдар қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким Жобаны іске асыру барысында қазақстандық жастар 1 000 000 теңгеге дейін гранттық байқауға қатысуға өтінім бере алады. Бұдан басқа, Жобаның барлық қатысушыларына 60 000 теңге (ЖОО бітірушілері үшін) және 40 000 теңге (қалған қатысушылар) ай сайынғы шәкіртақы беріледі. Жобаға қатысу барысында жастар өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару дағдыларын үйренеді, сондай-ақ тәлімгерлерден қолдау алатынын атап өтті.

Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар (мектептер оқушыларынан басқа) қатыса алады. Қатысушылар өздерінің мүмкіндіктерін пайдалануға, өмірлік жаңа дағдыларды үйренуге, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, бастамалық идеялар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылығы болуы керек. Жобадағы ерекше басымдық жұмыс істемейтін, оқымайтын немесе табысы төмен, яғни кедейлік шегінен төмен қалған қатысушыларға беріледі.

«Жобаға 3500 қатысушы тартылатын болады және 4 облыс пен Астана Алматы қалалары жастарына 1 млн. теңгеге дейін кемінде 1 100 әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалары қолдауға ие болады», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсәриев.

Жастар корпусын дамыту жөніндегі Үйлестіру агенттігінің қоғаммен байланыс маманы Салтанат Жаникулова.

87054133370, 8 (7172) 500 771. e-mail: press@zhasproject.kz http://zhasproject.kz