II жыл сайынғы байқау
Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы ЕуроОдақ Өкілдігі мен БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру Орталығы қазақстандық журналисттер үшін «ЕуроОдақ-Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» кәсіби халықаралық тағылымдамаға ашық байқау жариялайды. Байқау еуропалық Одақ пен Қазакстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды кенейтуге және нығайтуға, Қазақстан медиа қоғамдастығындағы Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты арттыруға және ашық диалогты қалыптастыруға бағытталған. Байқау нәтижесинде ЕО институттарын ( Еуропарламент, ЕО Кеңесі, Еурокомиссия, Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі) және Брюсселдегі медиа пулды зерттеу мақсатында апталық танысу тағылымдамасына қатысу үшін 4 женімпаз іріктеледи. Сонымен қатар женімпаздар Еуропалык комиссиялардың күн сайынғы брифингтеріне қатысып ЕО институттарының ішкі механизмін көре алады. Бұдан әрі байқау жеңімпаздары Еуропалық Одақ-Орталық Азия Министірлік кездесуі өтетін Бішкек қаласына, Қырғызстан Республикасына аттанады. Байқаудың іріктеу кезендері:
I-кезең: 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін өтінімдерді қабылдау. Үміткер толтырылған өтінім, оған тіркелген файлдар мен сілтемелерді жібереді.
II-кезең: Құзыретті қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің үміткерлерді анықтауы, 2019 жылдың 10 мамырына дейін тағылымдамаға қойылатын талаптарға сәйкес стипендияларды тағайындауы. III-кезең:
2019 жылдың маусым айының соңына дейін бекітілген бағдарлама шеңберінде женімпаздарды жіберу.Тағылымдама ұзақтығы жолды ескере отырғанда бір апта.
Анықтама
2018 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай алғашкы байқау жарияланды. Казылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша Брюссель (Бельгия) қаласындағы апталық тағылымдамаға 6 женімпаз ие болды. Бағдарлама бағыты бойынша қатысушылар Еуропарламент, ЕуроОдақ Кенесі, Еурокомиссия, Еуропалық сыртқы байланыс кызметі сияқты Еуропалық институттарды аралап,баспасөз қызметінің жұмысымен танысты.
Өткен жылғы байқаудың женімпаздары:
- Аскаров Арсен Аскарұлы, «КазТаг» халықаралық агенттігі, Астана қаласы;
- Асхожина Ольга Александровна , «Республикалық радио» ЖШС (Радио Астана), Астана қаласы;
- Бектлеуова Орынгүл Алтайқызы, Атырау қаласындағы «РТРК Қазақстан» облыстық филиалы;
- Ерболат Мұхамеджан, «Atameken Business Channel» ЖШС, Астана қаласы;
- Москаленко Даниил Борисович, «Atameken Business Channel» ЖШС, Астана қаласы;
- Тажиева Гүлнар Жумабайқызы, қазақ тіліндегі республикалық күн сайынғы қоғамдық-саяси газеті, Алматы қаласы. *Алдынғы жылдың женімпаздары осы жобаға қатысуға құқығы жок.
Қосымша сұрақтар бойынша БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының менеджері Айнұр Мырзағалиеваға +7(7172 )757879 немесе Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспа-хатшысы Эльнара Байназароваға хабарласыңыз: +7(7172)974567
e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu.