Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады. Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды.