Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.
Екінші және үшінші орын – «Артекс» компаниясы мен жеке тұлға Ш.Ақановтың иелігінде. «Артекс» компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш. Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.