Олар сүйектің толық жазылғаннан кейін ғана алып тасталынады. Бұл технология сүектің жазылуын 4 аптаға созылу қажеттілігін жоққа шығарды. Ол жамбас, білек сүйектері, жіліншік, иық сүйегі және бұғана сынықтары үшін қолданылады.

«Бұл технология балалардағы түтікше тәрізді сүйектердің диафиздік сынықтарын емдеудің «алтын стандарты» болып табылады және 12-13 жасқа дейінгі балалардың сынықтарына қолданылады. Ол науқастың ауруханада болу мерзімін 5 күнге дейін қысқартады, сүйек фрагменттерінің қайталама қозғалуын болдырмайды. Сонымен қатар, қазір рентгенді жиі жасаудың қажеті жоқ. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы - науқастың ерте қозғалуға мүмкіндігі. Сынық сәйкестендіріліп бекітілгеннен кейін пациенттер отыра алады, қозғала алады», - деп түсіндіреді балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Шолпан Мұқашева.

12 жасар қарағандылық М. сол жақ жамбас сүйегіне ТЭН орнатылды, бала футбол ойнау кезінде аяғын сындырып алды. Науқас ауруханаға ығысқан сүйек сынықтарымен келіп түсті. Сынық сәйкестендіріліп бекітілді, бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығаруға дайындалады. Биылғы жылы ең кішкентай науқас сан жілігінің сынуымен 1 жас 3 айлық сәби болды.

Жарты жыл ішінде балалар ортопедиялық бөлімшесінің дәрігерлері 385 шұғыл ота жасады, тағы 160 балаға жоспарлы түрде ота жасалды.

Балаларға медициналық көмек МӘМС жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.