Кәсіпорын Big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagner компанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған, ол болашақта жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Құс фабрикасы 165 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 5 млрд теңге, оның ішінде СҚО-ны дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ӘКК арқылы жеңілдетілген қарыз есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға тиісті инфрақұрылым тартылды.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы екі жылында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға 35 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірде 1 трлн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

Жалпы, Қазақстанда 65 құс фабрикасы бар. 2022 жылы құс етін  өндіруді 2,9% - ға, 239,6 мың тоннаға дейін ұлғайтуға қол жеткізілді. Тағамдық жұмыртқа шығару 4,9% - ға артып, 4,2 млрд данаға жетті.

Ағымдағы жылы құс шаруашылығын қолдауға 8,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде асыл тұқымды тәуліктік төлді сатып алуға 617,5 млн теңге, ал жұмыртқа өндіру құнын арзандатуға - 7,5 млрд теңге бағытталды. 

Бұдан басқа, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін астық жемін форвардтық сатып алу жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қазақстандық нарықтың меншікті тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 101% құрайды. Құс еті бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 50% - дан 65% - ға дейін өсті. Осылайша, 2025 жылға қарай жаңа құс фабрикаларын салу және жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын жаңғырту есебінен құс еті бойынша импортты толық алмастыруды  іске асыру жоспарланып отыр.