Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақтөбе облысына жұмыс сапары шеңберінде өз жұмысын Байтұрасай ауылындағы медициналық пунктке және Мәртөк ауданының аудандық ауруханасына барудан бастады.
Байтұрасай медициналық пунктінің ғимараты 1960 жылы салынған, онда бір мейіргер, санитар және жүргізуші жұмыс істейді, олар 300-ге жуық ауыл тұрғынын дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
Министрге ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы шеңберінде 2023 жылы жаңа медициналық пункт ғимаратының құрылысы басталатыны туралы хабарланды.
«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық пункттері жоқ немесе медициналық объектілері ескірген және жарамсыз болып қалған ауылдарда жаңа дәрігерлік амбулаториялар саламыз. Сіз маған қазір жұмыс істеу үшін жабдықтан, жрақтандырудан не қажет екенін, медициналық көмек көрсету үшін қандай жағдай жасау керектігін айтуыңызға болады», - деді Ажар Ғиният Байтұрасай ауылындағы фельдшерге.
Бұдан әрі Ажар Ғиният халқының саны 30 мың адам болатын Мәртөк ауданының аудандық ауруханасының жұмысымен танысты.Мәртөк аудандық ауруханасы 54 стационар төсегіне және 45 күндізгі стационар төсегіне есептелген, сондай-ақ 200 адам қабылдайтын емханасы бар. Мұнда ересектер мен балаларға медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі. Аурухана ұжымының саны 400-ге жуық адамды, оның ішінде 57 дәрігерді, 191 орта медицина қызметкерін құрайды.
Министр медициналық көмек көрсету кезінде негізгі және үйлестіруші буын ретінде МСАК жұмысын күшейтуді, сондай-ақ созылмалы инфекциялық емес ауруларды уақтылы ерте анықтауға назар аударуды ұсынды.
Содан кейін министр аудандық аурухананың қабырғасында медицина жұртшылығымен кездесу өткізді, оның барысында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өту, жаңа медициналық пунктті салу туралы және басқа да сұрақтарына жауап берді.
Бұл күні Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы БЦЖ екпесін алған балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесу барысында педиатрлар атап өткендей, бүгінде балаларда вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмайды, олар тұрақты бақылауда, барлық қажетті зерттеп-қараулардан өтті.
Күзгі демалыс кезінде оқушылар иммунитетті нығайту үшін «Ақбөбек» оңалту орталығына жіберілді, ал қысқы демалыста «Бурабай» санаторийінде сауықтыруды жалғастырады.
Министр ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, балалардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін барлық мүмкін болатын шаралар қабылданғанын, әрі қарай олар дәрігерлердің бақылауында болатынын атап өтті.