2022 жылдың басынан бастап Қарағанды облысының шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны 12,2%-ға өсті. Бүгінде өңірде 89 мыңнан астам кәсіпкер бар. ШОБ өнімін шығару 17,9%-ға өсіп, 955,5 млрд теңгені құрады.