ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Астана қаласындағы медициналық орталықтардың жетекші мамандарымен (ҰНО бас балалар нейрохирургы Өленбай Г.И., балалар анестезиолог-реаниматологы Аяғанов А. Н., ҰАБО балалар травматологы-ортопед Жакилин А. Б.) бірге жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесті. Мамандар жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен барлық балаларды қарап шықты, науқастарды емдеу мен жүргізудің одан әрі тактикасы туралы келісімге келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.