Жергілікті коммуникациялар қызметінің тікелей эфир алаңында министр жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Журналистер министрге онкологиялық көмек көрсету сапасына, онкологиялық орталықтар мен емханалардың тарапынан диспансерлік науқастармен жұмысты күшейтуге, Астана мен Алматыға бармай тұрғылықты жері бойынша медициналық көмек алу мүмкіндігіне қатысты бірқатар өзекті сұрақтар қойды.
Министр жауап ретінде өңірдегі онкологиялық қызметті дамыту жоспары туралы, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесі қаражатының есебінен операциялар мен химиотерапиядан кейін онкологиялық науқастарға оңалту көмегін алудың жаңа мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Біз сондай-ақ науқастардан айырып қалмау, оларды тұрақты бақылауда ұстау үшін онкологиялық орталықтардың жанынан ахуалдық орталықтар ашуды тапсырдық. Онкологиялық науқастарды емдеуге арналған қазіргі заманғы дәрілік препараттардың тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, алайда пациенттердің денсаулығы үшін өз жауапкершілігі болуы тиіс, скринингтер, қажетті зерттеп-қараудан уақтылы өту қажет, олардың барлығы тегін, кез келген аппараттар да қолжетімді, бұл өзіңізді аурудың кеш жазылмайтын кезеңдерінен қорғаудың жалғыз жолы», - деп түсіндірді А.Ғиният.
Дәрігер кадрларының тапшылығы туралы сұраққа министр жыл сайын еліміздің медицина университеттері 4 мыңға жуық дәрігер шығаратынын хабарлады.
«Сіздің облысыңызда 55 маман жетіспейді, биыл мұнда 40-тан астам дәрігер бөлінген, келесі жылы 60-қа жуық дәрігер келуі керек, бірақ оларды ұстап тұру, толыққанды жұмыс пен тұрмысқа жағдай жасау, тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет. Дәрігерлер – бұл ауыр еңбекпен ұштасқан ерекше мамандық, олар жұмыстан, түнгі кезекшіліктен кейін тұрмыстық проблемаларға алаңдамай қалпына келуі тиіс», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Антиваксерлерге келетін болсақ, министр олардың қоғам денсаулығына үлкен зиян келтіретінін атап өтті, бірақ пандемиядан кейінгі адамдар вакцинация мен инфекциялардан қорғаудың қаншалықты маңызды екенін өздері көрді.
Бұдан әрі облыс тұрғындарымен кездесуде министр ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша іске асырылып жатқан ұлттық жобаның шеңберінде жалпы санынан - 655 МСАК объекісін салу және реконструкциялау көзделгенін, Ұлытау облысында 20 жаңа ауылдық медобъекті салу жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасын жаңғырту жоспарлануда, оның базасында инсульт орталығы және шұғыл араласу орталығы бар кардиологиялық бөлімше (ТАА орталығы), реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, аз инвазивті хирургия, травматология және оңалту бөлімшелері ашылады.
Өңірде облыстық аурухананың дәрігерлеріне жалақы төлеумен даулы жағдай қалыптасты, олар соңғы уақытта қаржыландыру мәселелеріне шағымданды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бүгінгі таңда дәрігерлердің жалақысы бойынша қарыздар жоқ екенін, ал туындаған проблемалардың себебі аурухана басшылығы тарапынан менеджменттің әлсіздігінде екенін атап өтті.
Аллерголог, эндокринолог, педиатр сияқты арнайы мамандардың жетіспеушілігі туралы мәселе де өткір болды. Мұнда министр жыл сайын өңірге медициналық жоғары оқу орындарының түлектерінің жеткілікті саны жіберілетінін түсіндірді, бірақ іс жүзінде олардың көпшілігі бөлінген жерде ұзақ уақыт қалмайды, бұл медицина қызметкерлерінің тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларын шешуге байланысты.
Ол бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында орталық мемлекеттік органдардың (ҰЭМ, Қаржымині) «Дипломмен ауылға!» жаңа жобасын іске асыру үшін ауылдық елді мекендерге жұмыс істеге және тұруға келген медицина қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға не салуға арналған бюджеттік кредиттің және көтерме жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту мақсатында жылжымайтын мүлік нарығына талдау жүргізіледі.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында министр мүгедек балаларға медициналық көмек көрсетуге, МСАК объектілерінің, жедел жәрдем мен медициналық орталықтардың қызметіндегі проблемалық мәселелерге, медициналық емес персоналдың жалақысына қатысты әрбір өтініш бойынша толық түсініктеме берді.
А. Ғиният барлық айтылған мәселелер мен шағымдарды ерекше бақылауға алып, олар бойынша шешімдерді ведомствоның бейінді департаменттеріне пысықтауды тапсырды.