ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен, ҮЕҰ өкілдерімен, әлеуметтік қызметкерлермен, еңбек ұжымымен және жастармен кездесулер өткізді. Ол Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.