Жұмыс сапарын вице-министр облыс активімен кездесуден бастады, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы және Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айтты. Іс-шараға облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.  

Олжас Ордабаев өз сөзінде халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясаты азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшуді көздейді», – деді ол.

Вице-министр жұмыспен қамтудың жаңа саясаты жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді және реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансаптық орталықтарға айналдыруды және қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейтінін айтты.

Сондай-ақ, Олжас Ордабаев Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Әлеуметтік кодекс жобасын іске асыру аясында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төлеу мерзімін ұлғайту, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту жолымен балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту көзделгенін хабарлады. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына аудару көзделген.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде вице-министр «Глобал спецодежда» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, оның барысында кәсіби дағдыларды, оның ішінде өз бетінше алған дағдыларды, сондай-ақ бейресми және информальды білім беру нәтижелерін тану шарттарын заңнамалық деңгейде бекіту туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл қазақстандықтар үшін жұмыс іздеуде жаңа перспективалар ашады, сондай-ақ азаматтарды біліктілігін арттыруға ынталандыратын болады.

«Атамекен» ҰКП ғимаратында Олжас Ордабаев жастар арасынан шыққан қоғам белсенділерімен кездесті. Вице-министр жас мамандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ведомство іске асырып жатқан жастарды қолдаудың басқа да шаралары туралы хабардар етті.

«Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту кеңейтілетін болады. Жыл сайын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредиттеу» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жастарды нәтижелі жұмыспен қамту жоспарлануда», – деді Олжас Ордабаев.

Министрлік Агрокредиттік корпорациямен бірлесіп жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдікті кредиттер беру тетігін пысықтағанын айтты. 2023 жылы бұл қолдау шарасын 5,7 мыңнан астам жас пайдалана алады.

Вице-министр жастарды іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасуға белсенді қатысуға шақырды. Бұл ретте ол жастардың Қазақстанның кез келген өңірінде өздеріне жұмыс таба алатынын атап өтті.

«Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл платформа жұмыс іздеудің де, жұмысшыларды іздеудің де бірыңғай алаңына айналды. Қазір Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Жастар – халықтың ең мобильді санаты, Электрондық еңбек биржасының көмегімен сіздер еліміздің кез келген өңірінде жұмыс таба аласыз», – деді Олжас Ордабаев.