Бұл жинаққа Н.Мұхамеджанованың ірі көлемді деген 37 сұхбаты мен кең көлемді мақалалары топтастырылған. 250 беттен тұратын кітап 4 ірі тарауға бөлінген.

Жарық көрген туынды - отандық топ медиаменеджерлері арасында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі - Нұржан Мұхамеджанованың Қазақстан журналистикасының даму тарихына қосқан нақты үлесі. 

Ақпарат саласындағы еңбек еткен 40 жылдық іс-тәжірибесінің соңғы 20 жылында Н.Мұхамеджанова беделді Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігін,  еліміздегі ең ірі телеарналарды, оның ішінде «31» арнасын, «Қазақстан» телерадиокорпорациясын, «Алматы» телеарнасын басқарған жылдардағы менеджерлік тәжірибесіне сай берген сұқбаттарынан жинақталған.

Бұл еңбек шығармашылық қауымға және журналистика мамандығын игеруге ниет еткен студенттерге де пайдалы болады.