Кеңес барысында ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы ұсынылды. Кездесуге Қызылжар және Аққайың аудандарының тұрғындары, ауылдық округтердің әкімдері мен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің өкілдері шақырылды.
Талқылау барысында тұрғындар ауыл халқының табысын арттыру, әлеуметтік нысандар салу, сумен жабдықтау жобаларын іске асыру, шекара маңындағы аумақтарды дамыту, «Ауыл – ел бесігі» жобасын және «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту мәселелерін көтерді.
Барлық ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдар облыс әкімдіктерімен бірлесіп қарайтын болады
Ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасы арқылы нақты қандай мәселелерді шешу жоспарлануда:
ауыл тұрғындарының табысы мен өмір сүру сапасын арттыру;
орталықтандырылған сумен жабдықтау;
үздіксіз электрмен қамтамасыз ету;
кентішілік жолдар;
білім беру және денсаулық сақтау қызметтері;
Интернеттің қолжетімділігі және т. б.
Ауыл халқының табысын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Осы ретте «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру негізгі құралдардың бірі болады деп көзделіп отыр.