Түркістан облысы аумағында Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына  аэровизуалды шолу жұмыстары жалғасуда. Шолу барысында өзен бойына жақын орналасқан елді мекендер мен су нысандарының жай-күйіне бақылау жасалуда. Қазіргі уақытта облысымыздағы су қоймалардың деңгейі қалыпты жағдайда,  сондай-ақ барлық су нысандарының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылған, деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.