Таулы аймақтағы аудандармен (Кентау, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам) өтетін өзен бойларында жалпы 105 су тасқыны және сел қауіпті учаскелер есепке алынған, сол учаскелерде 46 елді мекен орналасқан.

Осы аймақтағы қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізу «Қазгидромет» орталығының және «Қазселденқорғау» ММ гидробекеттері арқылы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні облыс аумағында  51 шақырым канал, 31 шақырым арық-атыздар механикалық тазартудан өткізілді. Бөген өзенінде 4,2 шақырым жаға бекіту, нығайту жұмыстары жүргізілді, 14 шақырым қашыртқы арналардың түбі тереңдетіліп, кеңейтілді. Отырар ауданы аумағындағы Сырдария өзені бойындағы қорғаныс дамбалары 10 жерден нығайтылды.  Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Облыстағы құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды.