Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп өңірді сұйытылған мұнай газымен (СМГ) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғының тоқтауына байланысты 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының өндірісі тәулігіне 500 тоннадан тәулігіне 190 тоннаға дейін төмендеді. БҚО-ны сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін ҚР Энергетика министрлігі «Жайықмұнай» ЖШС-мен өңірге тәулігіне 50 тонна СМГ жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.