Өткен бес айда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша Ұлытау облысы 20 облыстың ішінде 7-ші орынға тұрақтады. Өңірдің жалпы экономикасы 60%-ға өсті. Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ЖӨӨ 1,4 есе ұлғайып, 1,7 трлн теңгені құрағанын айтты.