Соттарға 109 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы 198 талап-арыз жолданды. Қазіргі уақытта соттардың шешімдерімен жалпы ауданы 30 мың га жер учаскелері бойынша 44 талап-арыз қанағаттандырылды.
Облыстың жер ресурстарын басқару департаменті 50 мың га аумақтық 248 субъектіге ұйғарым берді. Ерікті негізде 38 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жалпы ауданы 83 мың га жер учаскелері бойынша 186 субъекті пайдалануға кірісті. Ауданы 3 мың га 5 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылды.
Қалған жер учаскелері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинау жұмыстары жүргізілуде.