«Одан бөлек 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды Жалпы құрылған жұмыс орындарының 80%-ы ауылдық жерлерде екенін айта кеткен жөн», – деп нақтылады аймақ әкімі.
Сондай-ақ «Жасыл Ел» жобасы аясында 1200 жас жұмыспен қамтылды. Ал «Студенттік құрылыс жасақтары» жобасы бойынша 300 жас әртүрлі құрылыс нысандарында еңбек еткен.
Нариман Төреғалиев келтірген мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың II тоқсаны бойынша БҚО-дағы жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,9%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,8%-ды құрап отыр.
Халықтың әлеуметтік ахуалы назардан тыс қалмақ емес. Үстіміздегі жылы 25 мың отбасыға 2 млрд астам теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп, нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 28%-ға азайды. Ал мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Орал қаласында 7,5 млрд теңгеге 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жастарға қолдау көрсету үшін биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 540 жас маман 186 млн теңге көлемінде бастапқы көтерме ақы алды.
«Келесі жылы «Отбасы банк» арқылы «Жайық жастары» баспана бағдарламасы аясында 600 млн теңгеге 40 жас отбасыға арналған жобаны іске асыру көзделіп отыр», – деді Нариман Төреғалиев.