Батыс Қазақстан облысында Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру саласын дамытуға жалпы 37 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге және жаңа білім беру нысандарын салуға бағытталды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндау барысында өңір басшысы Нариман Төреғалиев облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.