Биылғы маусымда ауа райының қолайсыздығы астық жинау мен сапасына әсер етті. Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында аймақтың үстіміздегі жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндау барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осылай мәлім етті.  

«Бүгінгі күнге дейін егіс алқабының 97 пайызы жиналды. 651 мың тонна астық жиналды. Соның ішінде 3-ші класты бидай – 35%, қалған 65% 5-ші класты және жемшөпке арналған бидай. 254 мың тонна картоп, және  32,3 мың тонна көкөніс жиналды. Ет өндіру көлемі өткен жылдың деңгейінде қамтамасыз етілді, сүт өндіру 1,8%, жұмыртқа өнімі 8%-ға өсті», – деп нақтылап өтті аймақ басшысы. 

Ермағанбет Бөлекпаевтың мәліметіне сәйкес, аймақтың ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 10 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде 193 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгінде 7,4 млрд теңгенің 24 жобасы аяқталды.