Оның айтуынша, өңірдегі бизнес климатты жақсарту жұмыстары жалғасын табатын болады. Ал қазір шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,2%-ға өсті – бұл 100 мыңнан астам жаңа салық төлеуші. Облыстың әрбір екінші тұрғыны шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Ондағы өнім шығару 1,2 трлн теңгеге жетті.
«Облыс республикада бірінші болып бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе төмендетті. Бизнесті қолдаудың жаңа шарасын 800-ден астам кәсіпкер пайдаланды. Осының арқасында өзгерістер енгізілген сәттен бастап салық төлеушілер саны алты есе өсті. Ірі компанияларға қызмет көрсетуге 800-ден астам ШОБ кәсіпорындары тартылған. Бұл қосымша жұмыс орындарын ұсынады. 6 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналастырылды. Өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған нақты шаралар атқарылуда. Ұлттық жоба аясында 212 грант берілді. Жастардың бизнес-идеяларын іске асыру үшін жылдық 2,5% мөлшерлемемен несиелер және 365 кәсіпкерге гранттар мақұлданды. Жыл соңына қарай барлық бағдарламалар бойынша бизнесті қолдау жобаларының портфелін 5,5 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Оның 2 мыңнан астамы – жаңа жобалар», – деп мәлім етті жоспармен бөліске спикер.
Сондай-ақ, аймақта жұмыссыздық деңгейі ең төмен. Ұлттық жобалардың, бағдарламалардың және жеке бастамалардың арқасында 43 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 11 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды. «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 2,9 млрд теңгенің 396 бизнес-жоспары мақұлданды, оның ішінде жалпы сомасы 2,4 млрд теңгенің 326 кредиттері беріліп, 371 жұмыс орны құрылды.