«Биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс – шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды. Бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 8 мың жұмыс орнын қамтитын, 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді. Биыл 600 жаңа жұмыс орны бар 3 жоба іске қосылды. Құны – 19,1 млрд теңге», – деп нақтылады аймақ басшысы. 

Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенде 5,3 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асты. Жылдың аяғына дейін, өңдеу өнеркәсібінде 11,9 млрд теңгеге, 150-ге жуық жұмыс орны бар ашылады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару жұмысы жалғасуда. Бүгінде жалпы ауданы 387,9 мың гектар жер учаскесі анықталды. Оның 157 мың гектары қазіргі таңда қайтарылды. Қалған 97 мың гектар жыл аяғына дейін алынып, жылдық жоспар толық орындалады, деді әкім.