Құрылыс саласы – өңір экономикасында тұрақты өсіп келе жатқан саланың бірі. Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру жалғасуда. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов мәлім етті.
Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін өңірде 450 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда 4,3%, өсіммен 413 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа тапсырылып, 3,5 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.
«Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 28 млрд теңге бөлінді, қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Биыл біз бағдарлама ауқымын кеңейтіп, қаржыландыру сомасын 3 есеге арттырдық. Бөлінген 2 млрд теңге есебінен кемінде 140 отбасының тұрғын үй жағдайлары жақсаратын болады», – деп сендірді аймақ басшысы.