Маңғыстау облысының туризм саласын дамыту, өңірдің тартымдылығын арттыру – басты міндеттердің бірі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баяндама жасаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев осы мақсатта биыл өңірде халықаралық туристік форум ұйымдастырылғанын еске салды. Аталған шараға туризм саласында қызмет ететін отандық және шетелдік компаниялардың, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.