Биыл Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті едәуір ұлғайып, шамамен 500 млрд теңгеге жетіп қалды. Өңірдің өз кірістері де 27,6%-ға өсті. Мәселен, былтыр бұл көрсеткіш 87 млрд теңгені құраса, осы жылы 111 млрд теңге көлемінде. Бүгін өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен 10 айдың қорытындысымен бөлісіп, қаражаттың жұмсалуы жайында баяндады.