Ақмола облысы – ерекше инвестициялық тартымдылығы бар өңір. Оған аймақтың географиялық орналасуы және елордаға жақындығы септігін тигізіп отыр. Көкшетау мен Астана қалаларының арасындағы заманға сай автобан, темір жолдың болуы инвесторлардың қызығушылығын арттырады. Бұл жайлы өңір әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады.