Шағын және орта бизнесті  қолдау Алматы қаласы әкімдігінің жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Ол мегаполис экономикасында және алматылықтарды жұмыспен қамтуда ерекше рөл атқарады. ШОБ-тің қала экономикасындағы үлесін 60%-ға дейін ұлғайту күтіліп отыр. Осындай мәліметтермен Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев бөлісті.