«C3Medical» француз компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында өңірде Қазақстандағы алғашқы телемедицина жобасы жүзеге асты. Облыстық ересектер мен балалар ауруханаларында және шалғайдағы аудандардың медициналық ұйымдарында «Лимстар» атты 16 телемедициналық кешен орнатылды.
Бұл технологияның ерекшелігі – дәрігерлер қосылған медициналық құрылғылардың көмегімен науқасқа қашықтан тексеру жүргізіп, кеңес береді. Кардиология, гинекология, УЗИ, ЛОР, дерматология және офтальмология бағыттары қамтылады.
Нәтижесінде ауыл тұрғындары облыс орталығына бармай көмек алады, шешім қабылдау уақыты қысқарады және тар шеңберлі мамандардың қабылдауы қолжетімді болады.