Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты - Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
Мердігер мекеме реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.
«Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін каналға темірбетон плиталарын төсейміз. Бұл канал салу және реконструкциялау тәжірибесіндегі тиімді тәсіл болып табылады», – деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.