«Келесі тоқсанда бұл мектепте 800-ден астам оқушы білім ала бастайды. Айта кету керек, мектеп тек Қабанбай батыр ауылы тұрғындарының ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі балалардың да білім алуына қызығушылық танытып отырған орталыққа айналды», – деп атап өтті мектеп-лицейдің директоры Рүстем Жахин.
Өз әсерімен ауыл тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері Светлана Лузанова бөлісті.
«Біздің көп жылдан бергі арманымыз орындалды, ауданның ең көне елді мекендерінің бірі саналатын ауылымызда жаңа мектеп салынды. Мен 23 жыл мектеп директоры болып жұмыс істедім, ауыл мен қалалардағы жағдайдың бірдей болуын армандамаған едік», – деді С.Лузанова.
Өңір әкімі жаңа оқу жылында облыста 8 мектеп ашылғанын, олардың алтауы орын жетіспеушілігі мәселесін шешу және оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұлттық жоба аясында салынғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысының бастамасымен біздің өңір ауылдарында жайлы мектептер ашылуда, олардың жағдайы қалалық мектептерден еш кем емес. Бір ауысымда оқыту қосымша білім беру жүйесінің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біздің еліміздің болашағы – білімді және жан-жақты дамыған балалардың қолында», – деп атап өтті М.Ахметжанов.
Тағы бір жайлы мектеп Қаражар ауылында жұмысын бастайды.