Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жолдардың үлесі 92%-дан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғыртылуда. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың биыл 140 шақырымына реконструкциялау аяқталды. Жол 2025 жылы толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Қызылорда өңірінде сапалы жолдардың үлесі 92%-дан асты
Тегтер:
экономика
өңірлер
білім беру
әлеуметтік саясат
баспасөз орталығы
брифинг
Қазақстан
жаңалықтар
инфрақұрылым