Биыл Атырау облысында 9 жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Өткен айда 1200 және 300 орындық екі мектеп ашылды. Осы ай соңында қаладағы Водников ауылында 1200 орындық тағы бір мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, келер жылы 6 мектептің құрылысы аяқталады. 2026 жылға қарай тағы 3 білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.