«Бүгінгі таңда 2032 жылға дейін 913 млрд теңгеге 40 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оның ішінде ағымдағы жылы 46 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылып, 478 жұмыс орны құрылды», – деп атап өтті әкім.
Бұл жобалардың қатарына кейіннен экспорттық әлеуетті дамытуға және өңірдің импортты алмастыруына әсер етуге тиіс екі зауыттың құрылысы кірді. 1,5 млрд теңгеге түрік инвесторының қатысуымен түсті сынықтарды қайта өңдеу зауыты және 1,2 млрд теңгеге «УК Трубтех» ЖШС полиэтилен құбырларын дайындау зауыты. Түсті металлургия тау-кен өндіру саласымен тығыз байланысты екенін ескере отырып, ағымдағы жылы Маралды ауылында қуаты жылына 250 мың тонна кен өндіретін алтын өндіру фабрикасы – «ВСАМ Продакшен» ЖШС пайдалануға берілді. Облыстың орта мерзімді жоспарларында екі ірі жобаны іске асыру көзделген: Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн тоннаға дейін кен өндіретін және өңдейтін тау-кен байыту комбинатын салу, инвестиция көлемі 216 млрд теңге, 1 мың жұмыс орны құрылатын болады. Кәсіпорын өнімі ҚХР мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортқа бағытталған; инвестиция көлемі 235 млрд теңге және 120 жұмыс орны бар Ұлан ауданында литий өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатын салу. Кәсіпорын өнімдері алыс және жақын шет елдерге экспортталатын болады.
«Геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге, геофизикалық зерттеулер жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді. Өңір экономикасын әртараптандыру және минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін баламалы кен орындарын іздеу жұмыстары жүргізілуде, мысалы: Ново-Лениногор, Долинное, Чекмар (Қазмырыш), бұл өндірісті 2040 жылға дейін жүргізуге мүмкіндік береді. Тағы 9 нысан бойынша, оның ішінде сирек кездесетін және полиметалл кен орындары бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Е.Көшербаев.
Жоспарланған жобаларды іске асыру берік өнеркәсіптік қаңқаны қалыптастыру және облыстың экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.