Жиналған тасқын су суару кезеңінде шаруалардың қажеттіліктеріне пайдаланылады. 

Биыл филиал 50 мың гектардан астам егіс алқабын 544 млн текше метрден астам сумен үздіксіз қамтамасыз етті.

«Су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Екі су қоймасы техникалық жай – күйі бойынша көп факторлы тексерістен өтіп, тасқын суын қабылдауға дайын», – деді «Қазсушар» филиалының директоры Бақыт Әбішев.