Жаңа жол еліміз үшін стратегиялық маңызға ие. Ол халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің маңызды бөлігі және сыртқы сауданы, транзиттік әлеуетті, өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесінде жолдың өткізу қабілеті артып, сапасы жақсарып, жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлікті және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасалды.
«Бұл жол – ел бірлігінің және ертеңгі күнге деген сенімнің символы. Ол Шығыс Қазақстанның дамуына, азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына жаңа серпін береді», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
«Қалбатау-Майқапшағай» учаскесінің ашылуы - еліміздің заманауи жол желісін қалыптастырудағы және экономиканы тұрақты дамытудағы кезекті маңызды қадам болып отыр.