Пансионат облыстық перинаталдық орталық базасында орналасқан және 20 төсек--орынға есептелген. Мұнда ауылдық жерлерден келген болашақ аналар жайлы жағдайда уақытша тұруға, қажетті зерттеп-қараулардан, дәрігерлердің консультацияларынан, сондай-ақ мамандардың тұрақты бақылауымен босануға дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.

Пансионат құрудың мақсаты – шалғайдағы және жету қиын елді мекендердегі әйелдердің жүктілік және босану қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асқыну қаупін, сондай-ақ ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету.