Жобаны іске асыру үшін 1 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққан кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі уақытта 12 құс қораларының 8-інің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар құс сою және инкубациялық цехтары, әкімшілік ғимараты мен техникалық қызмет көрсету нысаны толық дайын. Тоңазытқыш жабдықтары орнатылған.

Қазіргі таңда қалған төрт құс қорасының құрылысы жалғасуда, арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Құс фабрикасының іске қосылуы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосады, отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді және жаңа жұмыс орындарын ашады.