Жоба аясында жылына 450 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаратын заманауи май экстракциялау зауыты салынады. Кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың бірі ретінде саналып, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.
Зауытта күнбағыс, рапс және зығыр майын өндіріледі. Тәулігіне 1 500 тоннаға дейін шикізат өңделеді.
Жобаны осы өңірде жүзеге асыруға шикізат қорының молдығы (күнбағыс, рапс және зығыр өндірісі бар) және өңірдің географиялық тұрғыдан қолайлылығы ықпал етті. Бұл логистикалық мәселелерді жеңілдетіп, негізгі өткізуші нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.