Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
АЭС бойынша референдум: Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қорының («СОЦИС-А») exit-poll мәліметтері жарияланды 7 қазан 2024

АЭС бойынша референдум: Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қорының («СОЦИС-А») exit-poll мәліметтері жарияланды

«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді және азаматтардың 30,2%-ы келіспейді. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Социс – А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев осындай мәліметтерді жариялады.

Астанада АӨСШК волонтерлар слеті өтіп жатыр 4 қазан 2024

Астанада АӨСШК волонтерлар слеті өтіп жатыр

Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда топыраққа арналған отандық тұрақтандырғыштарды пайдалана отырып, жолдардың сапасын жақсарту бойынша зерттеу жұмыстары басталды 3 қазан 2024

Қазақстанда топыраққа арналған отандық тұрақтандырғыштарды пайдалана отырып, жолдардың сапасын жақсарту бойынша зерттеу жұмыстары басталды

Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстарында топырақты талдау және жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың Бірыңғай базасына енгізілген тұрақтандырғыштарды сынау жұмыстары басталды. Тексеруден өтіп, «сары» және «жасыл» мәртебеге ие болған отандық әзірлемелерге ерекше назар аударылады, бұл олардың сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Астанада дәстүрлі «Жұлдызай» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындары өтеді 2 қазан 2024

Астанада дәстүрлі «Жұлдызай» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындары өтеді

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында Астана қаласында «Жұлдызай» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындары өтеді. Іс-шара 3 қазан күні сағат 11:00-де елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Түркістан облысында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын 13 канал реконструкциядан өтуде 2 қазан 2024

Түркістан облысында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын 13 канал реконструкциядан өтуде

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын қолданыстағы 13 каналды қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда каналдың 42 шақырымы толық бетондалды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда 2 қазан 2024

Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

773 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция жыл сайын дәстүрлі түрде қолға алынатын күзгі тазалық айлығына ұласты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Ақмола облысының фермерлері 5 млн тоннадан астам астық бастырып, көшбасшы атанды 1 қазан 2024

Ақмола облысының фермерлері 5 млн тоннадан астам астық бастырып, көшбасшы атанды

Еліміздің негізгі астық өңірлерінің бірінде егін жинау науқаны белсенді түрде жалғасуда. Жергілікті фермерлер былтырғы белгіден асып түсіп, 5 млн тоннаны бастырды. Бүгінгі таңда бұл астық егетін аудандар арасындағы ең жақсы көрсеткіш болып саналады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ақмола облысында тағы бір жайлы мектеп ашылды 30 қыркүйек 2024

Ақмола облысында тағы бір жайлы мектеп ашылды

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін Целиноград ауданы Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда 100 жастан асқан 420-дан астам адам бар 30 қыркүйек 2024

Қазақстанда 100 жастан асқан 420-дан астам адам бар

Елімізде 100 жасаған және одан асқан 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады 28 қыркүйек 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады

«SPK TURKISTAN» өндірістік паркінде ұйымдастырылған көрмеге ет, сүт және балық өнімдері, сусын, балмұздақ, шоколад түрлері, сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы бірлестіктері өсірген жеміс-жидектер мен көкөністер қойылған.

Президент Түркістан облысының «SPK TURKISTAN» өндірістік паркіндегі кәсіпорындармен танысты 27 қыркүйек 2024

Президент Түркістан облысының «SPK TURKISTAN» өндірістік паркіндегі кәсіпорындармен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркін аралап көрді.

Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті 27 қыркүйек 2024

Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты.