Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында Астана қаласында «Жұлдызай» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындары өтеді. Іс-шара 3 қазан күні сағат 11:00-де елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.