Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының Локализация орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының Локализация орталығын аралап көрді.
Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты
Мемлекет басшысы Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округіндегі «Надеждинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
Президент KIA автомобиль зауытының құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды.
Мемлекет басшысы «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына барды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді
Қаржы министрі: елдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғырту жалғасады
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Жетісу және Алматы облыстарына жасаған жұмыс сапарында «Нұр Жолы» және «Қалжат» кеден бекеттерінде болып, көлік-логистика саласының дамуымен танысты. Министрлік еліміздің өткізу пункттерінде цифрлы сервистерді жүйелі түрде енгізіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысында 48 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Батыс Қазақстан облысында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға еріктілер, жастар және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Ақмола облысында 60-тан астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді
Инклюзивті білім беру жалпы білім беру жүйесінің маңызды буындарының бірі болып сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған. 2020-2025 жылдарға арналған «Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттер желісін кеңейту» бағдарламасы аясында елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған кабинеттер ашылуда, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
2025 жылға дейін Алматы облысының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді
2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандары арқылы өтетін республикалық маңызға ие 145 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Учаскелердің бір бөлігін биыл аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің электрмен жабдықтау, жылу коммуникация желілерін жаңғырту және олардың тозу деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді және алдағы жоспары таныстырылды.
Астанада халықаралық сарапшылар әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Астанада Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының 20 жылдығына орай «Білім экономикасы және жасанды интеллект дәуірінде әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда отандық және шетелдік сарапшылар қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мен осы салада цифрлық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.