Астанада Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының 20 жылдығына орай «Білім экономикасы және жасанды интеллект дәуірінде әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда отандық және шетелдік сарапшылар қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мен осы салада цифрлық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.