Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 850-ден астам объект бейімделген 29 тамыз 2024

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 850-ден астам объект бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қостанай облысында 854 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Серік Жұманғарин Абай облысының фермерлерімен кездесті 29 тамыз 2024

Серік Жұманғарин Абай облысының фермерлерімен кездесті

Абай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бидай егісінің жай-күйімен танысып, жергілікті диқандармен кездесті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады 28 тамыз 2024

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындылары таныстырылды. Атап айтқанда, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген. Жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.

ҚР АШМ: биыл Қазақстанда рекордтық 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарлануда 28 тамыз 2024

ҚР АШМ: биыл Қазақстанда рекордтық 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарлануда

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысының қант зауыттарының шикізатты қабылдауға және жаңа егінді өңдеуге дайындығын тексерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қостанай облысында ірімшіктің 20 түрін шығаратын зауыт іске қосылады 26 тамыз 2024

Қостанай облысында ірімшіктің 20 түрін шығаратын зауыт іске қосылады

Мемлекет басшысы үш жыл ішінде АӨК-тегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешеннің шикізаттық бағытынан инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту барысын тексерді 23 тамыз 2024

Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту барысын тексерді

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй мен коммуналдық желілер салу, сондай-ақ алдағы оқу жылына білім беру нысандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы тарихи-мәдени кешенде болды 23 тамыз 2024

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы тарихи-мәдени кешенде болды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері шалғай станциялардағы тұрғындарға 91 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті 23 тамыз 2024

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері шалғай станциялардағы тұрғындарға 91 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы сапарын одан әрі жалғастыруда. Бүгінге дейін пойыз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 48 станцияны аралады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Су тасқынына дайындық: Ақтөбе су қоймасын кешенді реконструкциялау басталды 22 тамыз 2024

Су тасқынына дайындық: Ақтөбе су қоймасын кешенді реконструкциялау басталды

Ақтөбе облысында Елек өзеніндегі Ақтөбе су қоймасы реконструкциядан өтуде. 245 миллион текше метр су жинай алатын нысан биыл тасқын кезінде үлкен көлемде су қабылдаған болатын, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Астанада «Қазақ Тазы» тұқымына арналған монопородалық көрме 21 тамыз 2024

Астанада «Қазақ Тазы» тұқымына арналған монопородалық көрме

Астанада барлық тұқымдағы иттерге арналған «Ишимские зори – 2024» атты халықаралық көрме өтті. Көрме аясында Қазақстан кинологтар одағы Қазақ Тазы тұқымды иттердің монопородалық көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тағы 50 тұрғын баспаналы болды 21 тамыз 2024

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тағы 50 тұрғын баспаналы болды

Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау жұмысы жүргізіліп келеді. Көктемгі су тасқыны салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болды.  Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді 20 тамыз 2024

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді

Президент елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтарына барды.