Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау жұмысы жүргізіліп келеді. Көктемгі су тасқыны салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болды.  Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.