Өңір жаңалықтары
Өңірлерде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейіп келеді
ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елімізде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында заманауи сүт өнімдері фермасы ашылады
Түркістан облысында 240 мың тонна көкөніске арналған еліміздегі ең ірі жылыжай кешені салынады
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе – аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көруден басталды.
Ақтөбе ауыл шаруашылығы стансасының базасында жылқы шаруашылығы институты құрылады
Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин жергілікті ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына (АШТС) барды. Бүгінде бұл Ақтөбе облысының аграрийлері үшін дәнді, жарма, майлы және жемшөп дақылдарының элиталық және бірегей тұқымдарын өндіруге рұқсаты бар аймақтағы жалғыз аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемесі, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Олжас Бектенов Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді
Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алатау қаласындағы 900 орындық жаңа мектеп құрылысының жұмыс қарқынымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек беру жалғасуда
Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен 9671 отбасыға 3 млрд 570 млн теңге 100 АЕК көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
«BI Qlik» скорингтік моделі еңбек дауларының туындау қаупі жоғары 400-ге жуық кәсіпорынды анықтады
Еңбек даулары кезінде уақытылы ден қою шараларын қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың бірлескен іс-қимыл алгоритмі қолданылады. Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында өңір әкімдерінің төрағалығымен еңбек қатынастары саласында ведомствоаралық штабтар құрылды. Облыстың әлеуметтік жағдайын талдау және бағалау үшін Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдігі жұмыс істейді.
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында алғашқы экологиялық хаб ашылды
Эко-хаб қалаған адам келе алатын креативті кеңістік базасында ашылды. Келушілер пластик ыдыс, сусабынның босаған құтыларын, шыны бөтелкелерді әкеледі. Осы қалдықтардан хош иісті шырақ, ыстық тағам қоюға арналған заттар, Алматының символы – алма стяқты жасалған қабырға сағаты сынды сувенирлер жасалады, деп хабаралйды қала әкімдігі.
Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы
Елімізде Атырау облысынан басқа барлық өңірлерде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 170-тен астам объект бейімделді
2023 жылы Абай облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 175 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Астанада қазақ тазы тұқымды иттерді тану бойынша Халықаралық көрме өтті
Астанада Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастыруымен иттер көрмесі өтіп, оның аясында арнайы халықаралық комиссия қазақ тазы тұқымының 100-ге жуық түрін зерттеді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.