Елімізде Атырау облысынан басқа барлық өңірлерде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.